Мереке

Журналистерге құрмет көрсетті

БАҚ қызметкерлері күніне орай Ақтөбе қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі облыстағы бір топ журналиске құрмет көрсетті.

Шарада алдымен мектептің арт-студиясында Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Ильсияр Казакова шеберлік сағатын жүргізіп, журналистердің өз қиялымен сурет салуына мүмкіндік жасады.

Бұдан кейін мектеп директорының орынбасары Айгүл Асанова оқу орнымен бірлесе жұмыс жасап келе жатқан журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтап, Алғыс хат табыс етті. Құрмет көрсетілгендердің қатарында облыстық «Ақтөбе» газеті бас редакторының орынбасары Мейрамгүл Сатаева мен газет тілшісі Данагүл Қазихан, облыстық «Актюбинский вестник» газетінің тілшісі Нұрдана Қаниева, «Керек Инфо» газетінің тілшілері Арайлым Қасымқызы, Аяжан Әбдіқалық, «ТДК-42» арнасының меншікті тілшісі Лейла Әуесовалар бар.

Сондай-ақ шарада «Хабар» агенттігінің облыстағы меншікті тілшісі Мансур Есқожин «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы төрайымы Күләш Шамшидинованың Алғыс хатына ие болды.

Шара соңында мектептің баспасөз хатшысы Әйгерім Аманғосова шараға келген журналистерді мерекемен құттықтап, өзінің жылы лебізін білдірді.

Назерке АЙМЫРЗАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button